Құрал-жабдық


Concept Laser MLab cusing R 3D-принтері


Concept Laser MLab cusing R селективті лазерлі балқыту әдісі бойынша металл өнімдерін аддитивті өндіру жүйесі.

Concept Laser MLab cusing R жүйесінің негізгі модулі реакциялық және реактивті емес ұнтақты металдардан LASERCUSING селективті лазерлі балқыту әдісімен бұйымдарды өндіруге арналған. Қолданылатын бағдарлама Marcam AutoFab Mlab.


Техникалық сипаттамасы:

  • Құрылыс аймағы: 90 х 90 х 80 мм3 (х, у, з)
  • Лазер жүйесі: Fibre laser 100 Вт (cw)
  • Онлайн O2 талдағышымен саңылаусыз жұмыс камерасы

Қолданыстағы ұнтақ материалдар:

  • remanium star CL, қорытпа CoCr, (EN ISO 9693/ DIN EN ISO 22674)
  • rematitan CL, Ti 6Al 4V (DIN EN ISO 9693/ DIN EN ISO 22674)
  • CL20ES тот баспайтын болат(1.4404, CrNiMo 316L)
  • CL 41Ti ELI Ti6Al4V титан қорытпасы, (ASTM F 136-02a (ELI Grate 23))
  • CL 42Ti титан қорытпасы, (ASTM F67 and ASTM B348 grate 2)



Scan3D Universe 3D-сканері


«Scan3D Universe» әмбебап мобильді 3D-сканері физикалық объектіні әрі қарай цифрлы және нақты өңдеу үшін, мысалы, сапаны бақылау немесе 3D басып шығару үшін оның 3D құжаттамасын алуға мүмкіндік береді. «Scan3D Universe» 3D-сканері метрологиялық өлшеулерді жасауға, жоғары текстуралы үлгілерді және т.б. жасауға арналған.



Техникалық сипаттамасы:

  • Камераның ажыратымдылығы: 1.3; 5; 10 Mpix
  • Ең төменгі сканерлеу аумағы: 150x200 мм
  • Ең үлкен сканерлеу аумағы: 1200 x 1600 мм
  • Дәлдігі: 20-40 микрон
  • Сканерлеу уақыты: 1-10 сек.



«Shimadzu Autograph AG-Xplus» әмбебап механикалық сынау машинасы


Әртүрлі материалдарды физикалық және механикалық сынауға арналған «Shimadzu Autograph AG-Xplus» әмбебап сынау машинасы.

«Shimadzu Autograph AG-Xplus» сынау машинасы төмендегі сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді:

  • созу
  • қысу
  • ию
  • бірыңғай және циклдік сынақтар

Машина қуаты 10кН. Қысатын сынақ құрылғылары, үзуге арналған үшкіл қысқыштар, қысу сынағына арналған қысқыш пластина, иілу сынақтарына арналған қысқыш құрылғы. Қолданылатын бағдарламалық жасақтама TRAPEZIUM X.





"Micron-tribo" үйкеліс машинасы


"Micron-tribo" үйкеліс машинасы «шар диск», «палец-диск» схемасы бойынша үйкеліс пен тозу тесттеріне арналған. Ол механикалық блоктан, электроника блогынан және бағдарламалық жасақтамадан тұрады."Micron-tribo" үйкеліс машинасы «шар диск», «палец-диск» схемасы бойынша үйкеліс пен тозу тесттеріне арналған. Ол механикалық блоктан, электроника блогынан және бағдарламалық жасақтамадан тұрады.


Техникалық сипаттамасы:

  • айналу жылдамдығы – 20-65 айн/мин
  • ең үлкен диаметрі – 110 мм
  • ең үлкен үлгі қалыңдығы – 25 мм
  • іздің диаметрі 3-40 мм
  • ең үлкен жүктеме – 15n
  • өлшемдері – 200х110х210



Micron-beta профилометрі


Micron-beta жанасусыз интерференциялық 3-D профилограф, ақ жарықта интерференттік бейнелердің реттілігін өңдеу әдісі арқылы беткейлердің микротопографиясын қалпына келтіруге арналған.



Техникалық сипаттамасы:

  • сканерлеу аумағы (x, y) – 100x90 (1300x1000) мкм
  • көлденеңінен ажыратымдылығы (x, y) – 0,16 (2) мкм
  • рельефтің ең үлкен биіктігі – (z) – 40 (80) мкм
  • тігінен ажыратымдылығы (z) – 3 (5) нм
  • 3D топографиясын алу уақыты – 0,5 - 5 минут