Жаңалықтар


Болашақ жетістіктер туралы хабарландыру!

Біздің зертханамыздың жас қызметкерлері бионикалық қолды жасау үстінде. Бұл жас ұрпақтың ғаламдық тенденцияларға сәйкес келетін ғылыми-техникалық құзіреттілігінің маңызды көрсеткіші. Аяқ-қолы жоқ адамдар болашақта анағұрлым қанағаттанарлық өмір сүре алатын болады. Осы прото-жобаны іске асырушы зертхана қызметкерлері бұл - Сергей Руденко мен Дмитрий Догадкин магистранттары, сонымен қатар олардың бакалавриат студент достары, талантты бағдарламашылар. Бұл прото-жоба бойынша жұмыстар аяқталмай, ертеңдер үлкен жобаға ұласып, Университетте осындай өнімдер шығарылса екен деп тілейміз. Сіздерге сәттілік пен шыдамдылық тілейміз! Тек қана АЛҒА!

20.12.2019


Үздік ғалымдар бізде жұмыс істейді!

Өскемен қаласы әкімінің сыйлығының Алау-2019 сайысында Үздік жас ғалым атағын біздің лабораториямыздың аға ғылыми қызметкері Аманжол Тұрлыбекұлы жеңіп алды. Аманжол Тұрлыбекұлы бастаған ғылыми-зерттеу жобалары сүйек тінін қалпына келтіру қажеттілігі бар науқастарды емдеуге бағытталған, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының әлеуметтік бағытын растайды. Сүйектерді мақсатты қалпына келтіруге арналған наноқұрылымды беті бар имплантанттардың жаңа буынын құру үшін Францияның (National de la Recherche Scientifique орталығы), Польшаның (Силезия технологиялық университеті), Латвияның (Латвия университеті) және Украинаның (Сумы мемлекеттік университеті) жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Бұл имплантанттың қызмет ету мерзімін және оның сүйек жасушаларымен үйлесімділігін арттырады. Ісіңе сәттілік тілейміз!

News of 11/12/2019


Жас буын: Макарон бітті, ХАКАТОН беріңдер!

Жас буын ғылыми қызметкерлеріміз өздеріне жаңа бағыт программалауды үйреніп, достар командасымен облыстық ХАКАТОНды ұтты! Бұл біз үшін өте үлкен қуаныш. Өйткені дамыған елдерде физик- автоматты түрде программист болып есептеледі! Осы зерделеріне қуат беріп, программалауды ғылымда кеңінен қолдансың деп тілейміз!

News of 05/12/2019

Кейдж жасау - оп-оңай!

Зертхана қызметкерлері омыртқа хирургиясына арналған импланттардың прототиптерін жасады. Үлгілерді металл ұнтақтарынан 3D басып шығару арқылы жасады, атап айтсақ, медициналық Ti-6Al-4V титан қорытпасы. Бұл кейдждерде остеоиндуктивті материалмен толтыруға арналған кеуекті архитектурасы бар. Кейдж омыртқааралық дискіні алып тастағаннан кейін аралықты біріктіру үшін (омыртқалы денелерді біріктіру) қолданылады және омыртқаның барлық бөліктерінде қолданылады.Титан кейджінің денесінде орналасқан тесіктердің арқасында оған іргелес омыртқалардың сүйек тіндері өседі. Сүйек-металл синтезінің қалыптасуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Титан кейджін пайдалану операцияның инвазивтілігін төмендетеді және илиопласттың көмегімен автографты пайдалануды жояды.

News of 08/05/2019

CiteScore 5.07-ге және одан да жоғары!

«Synthesis, characterization, in vitro biphasic ZnO micro- and nanoparticles embedded in Alginate matrix» мақаласының жоғары дәрежелі журналдан жарық көруімен шын жүректен бұл жұмыстың авторларын құттықтаймыз! Бұл жетістік - бір жылға жуық жұмыс нәтижесі болып табылады! Классик айтқандай - «Жалғыз өлшем - Нәтиже!». Сіздерге ғылыми зерттеулерде табысты болуды тілейміз!

24/07/2019 жаңалықтары see on Sciencedirect

Зертхана аға ғылыми қызметкері PhD атанды!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Аманжол Тұрлыбекұлы PhD атағын қорғап шықты. Құттықтаймыз!

05.06.2019


ELSEVIER баспысның журналында біздің топтың аға ғылыми қызметкерінің мақаласы жарық көрді

Аманжол Тұрлыбекұлын құттықтай отыра, оның «Composite material with nanoscale architecture based on bioapatite, sodium alginate and ZnO microparticles» атты мақаласының абстрактын төменде келтіреміз
Abstract
A nanostructured composite material in the form of a hydrogel and beads based on hydroxyapatite (HA), sodium alginate (Alg) and ZnO microparticles was fabricated under the influence of microwave irradiation. An average crystallite size of the HA was 40 nm, while ZnO crystallites of the size 25 nm–11 µm were formed. The inorganic HA-ZnO phase of studied composite is distributed in the polysaccharide matrix of the alginate, which corresponds to the structures of natural bone nanocomposites. The introduction of ZnO into the composite increases its porosity up to 5 times and the degree of swelling in phosphate buffered saline up to 2 times, as well as provides weak antimicrobial activity. The effect of microwave and ultrasonic treatment on the structure of HA-ZnO and HA-Alg-ZnO composites’ microcrystals was studied. The mechanism of antimicrobial activity of ZnO crystals in the HA-Alg-ZnO composite was proposed. The in vitro biocompatibility and cytotoxicity of the synthesized materials was studied and it was found that addition of ZnO make insignificant effect on biocompatibility. Thus, the main goal of our work was fabrication of the bioactive material using microwave and ultrasonic treatment for additional enhancement of antibacterial properties.
Keywords Bioapatite; Hydroxyapatite; Sodium alginate; Zinc oxide; Biocompatibility of HA-Alg-ZnO; Antimicrobial activity.
Биоапатит, Гидроксиапатит, Натрий альгинаты, Мырыш оксиді, ГА-Алг-ZnO биоүйлесімділігі, Антимикробиялық белсенділік

24/01/2019


Лаборатория қызметкерлері Қазақстан Республикасы бойынша үздік деп танылды

«Нұр Отан» партиясы жас өнертапқыштар арасында өткізген республикалық «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауының қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жас ғалымдары «Үздік жас ғалым» аталымында жеңіске жетті.

11.01.2019

see on EGEMEN QAZAQSTAN